Денелері қосылып қалған егіздер мен олардың әпкесі Каролина 2015 жылдың 16 мамырында дүниеге келді.
Дәрігерлердің айтуынша, дүниеге үшемнің екеуінің бір-бірімен қосылып туылуы - өте сирек кездесетін жағдай. Мұндай оқиға соңғы рет Құрама Штаттарда 1966 жылы болған.
Дәрігерлер 11 айлық егіздерді бір-бірінен ажырату бойынша күрделі отаны 15 сағат бойы өткізді. Олар бұл операцияға бірнеше ай дайындалған еді.
Қазіргі кезде дәрігерлер егіз сәбилердің сауығып кетуіне оң болжамын беріп отыр. Алайда, оларға тағы бірнеше ота жасалуы тиіс, деп жазады informing.ru.