Бұл туралы сәрсенбіде журналистермен болған брифинг барысында Майами-Дейд губернаторы Даниэль-Левин Кава мәлім етті. Трансляция округтің Facebook парақшасы арқылы жүргізілді.
«Күндіз құтқарушылар тағы сегіз адамды үйіндіден шығарып алды, - деді ол. - Осылайша құрбандар саны қазір 54-ке жетті». Каваның айтуынша, 86 адамның тағдыры әлі белгісіз.
Сурфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні ғимараттың үйінділерінен 37 адам шығарылды, бірақ содан кейін тірі қалғандар табылмады.