АҚШ-та 120 жастан асқан 3,2 миллион адам қайтыс болды деп танылды

Фото: marca.com

АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметтің тиімділігі департаменті (DOGE) 120 жастан асқан адамдарды қайтыс болған деп белгілейтін Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының дерекқорындағы миллиондаған жазбаларды тазарту жұмыстарын жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Кazinform меншікті тілшісі FOX Business сайтына сілтеме жасап.

DOGE мәлімдемесінде жазбаларды жаппай тазарту жүріп жатқанын айтты. 120 жастан асқан шамамен 3,2 миллион SocialSecurity нөмірінің иелері қайтыс болғандар тізіміне енді.

8 наурыздағы жағдай бойынша Әлеуметтік қамсыздандыру дерекқорында 120 және одан жоғары жастағы 12,3 миллионнан сәл астам нөмір иелері болды. Бұл көрсеткіш 150 мен 159 жас аралығындағы 1,3 миллионнан астам адамды қамтиды.

Есепте бұл нөмірлердің иелері шынымен әлеуметтік сақтандыру төлемдерін алған-алмағаны анықталмаған.

Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі комиссардың міндетін атқарушы Ли Дудек былай деп жауап берді: «Ұсынылған деректер біздің жазбаларымызда әлеуметтік қамсыздандыру нөмірі бар, олардың жазбаларында қайтыс болған күні жоқ адамдарға арналған. Бұл адамдар  жәрдемақы алмайды».

Миллиардер Илон Маск басқаратын DOGE ағымдағы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша 65 миллиард доллар бюджет қаражатын үнемдей алғаны бұрын хабарланған болатын.