АҚШ-та 13 жасар бала інісін атып тастап, кейін өзіне қол жұмсаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Хадсон (Флорида штаты) қалашығында 13 жастағы бала інісін өлтіріп, ағасын жарақаттап, кейін өз-өзіне қол салған. Бұл туралы ТАСС жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, ағайындылар түскі ас кезінде ұрсысып қалған. Ересектер бұл кезде үйде болмаған. Бала қаруды қайдан алғаны әзірге белгісіз. Қаза тапқан бала алты жаста, ал жапа шеккені он алты жаста болған.

Қайғылы оқиғаға байланысты өзге ақпарат жоқ, тергеу жүргізілуде.