Пикаптың рулінде болған он үш жасар жүргізуші микроавтобуспен соқтығысқан. Автобус ішінде гольфтен университет командасы мен оның бапкері болған.
АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) төрағасы орынбасарының айтуынша, апаттан кейін екі көлік жана бастаған. Алты студент, олардың бапкері мен көлік жүргізушілері қаза тапты.
Алдын ала деректер бойынша, пикаптың алдыңғы доңғалағы жарылып, соның салдарынан ол жолдың қарсы бетіне шыққан болуы мүмкін.