АҚШ-та «30 жастағы» сәби дүниеге келді
14:33, 31 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та 30 жылдан астам сақталған эмбрионнан нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды MIT TechnologyReview.
26 шілдеде дүниеге келген ұл бала — Таддей Дэниэл Пирс «ең үлкен сәби» рекордын жаңартты, деп хабарлайды басылым. Баланың ата-анасы 1994 жылы ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру) операциясынан өткен әйелдің эмбрионын алғаны хабарланды.
Барлығы төрт эмбрион жасалып, олардың біреуі әйелдің жатырына орналастырылды, ал қалған үшеуі криоконсервацияланып, сақталды.
Еске сала кетейік, Ұлыбританияда үш адамның ДНҚ-сы бар 8 сау сәби дүниеге келді.
Сондай-ақ Ыстанбұлдан Ташкентке бағыт алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді.