АҚШ-та 35 автокөлік күре жолда соқтығысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Нью-Йорк штатының солтүстігіндегі Баффало қаласының маңында ірі жол апаты болды, адам шығыны бар, деп хабарлайды ТАСС.

Күре жолда 35 машина соқтығысқан. Алдын ала мәліметтерге қарағанда кем дегенде бір адам мерт болып, тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. АВС телекомпаниясының хабарлауынша, соқтығысқан машиналардың 25-і жеңіл автомобиль, ал қалғаны ірі жүк көліктері.

Оқыс оқиғаға жолдағы күртік қар мен көру мүмкіндігінің күрт нашарлауы себеп болған.