Балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұған американдық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел. Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2%-н балалар құрайды.
14:20, 22 Шілде 2021
АҚШ-та 4 миллионнан астам бала коронавируспен ауырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы орталықтың телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.