АҚШ-та 4 сәби тұмаудың H3N2 белгісіз түрін жұқтырған

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ-та 4 сәби тұмаудың H3N2 белгісіз түрін жұқтырған,

деп хабарлайды MSNBC агенттігі америкалық ауруды бақылау және профилактика орталығының өкілі (CDC) Том Скиннерге (Tom Skinner) сілтеме жасай отырып.

CDC ақпараттары бойынша осындай тұмауға ұқсас дерт Индианада тіркелген көрінеді. Ауруды туыстары шошқа бағатын бала жұқтырған. Ал үш баланың Пенсильвания штатында ауырғандығы тіркеліп отыр. Олардың барлығы да 13-20 тамыз аралығына дейін өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқан көрінеді.

Скиннердің айтуынша, тұмаумен ауырған балалардың ағзасынан бұрын кездеспеген белгісіз H3N2 вирусы табылған. Оның адамнан адамға өте оңай жұғатындығы анықталып отыр.