Дегенмен, БАҚ-тағы ақпаратта округ шерифі Патнам Джозеф Уэллстапанша баланың анасы, 31 жастағы Джейми Гилтке тиесілі болғанын айтты.
«NBC» телеарнасының хабарлауынша, оқиға жол үстінде болған. Шериф көмекшісі көлік рөліндегі Гилттің көмекке шақырғанын байқап қалған. Көлікке тақап барған тәртіп сақшысы әйелдің жараланғанын көреді. Оған оқ атқан көліктегі өз баласы болып шықты. Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, бала тапаншаны көлік ішінен тауып алған.
Қазір жаралы әйел ауруханаға жатқызылған. АҚШ-тың Балалар ісі бойынша департаменті оқиғаны тергеуге кірісті.