АҚШ-та 40 жыл ішіндегі қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Американың Колорадо штатының оңтүстігінде соңғы 40 жыл ішіндегі аса қуатты, магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады, деп жазады Утро.ру.

Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 23.46-да болды. Жерасты дүмпулері Тринидад қаласынан оңтүстік батыста 15 шақырым жерде орын алды. Ошағы төрт шақырым тереңдікте болды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірқатар ауданда жер сілкінісі салдарынан тауда тас көшкіні болып, аздаған қираулар болды.