Палестина Батыс жағалаудағы барлық мектептерде күндізгі сабақтарды тоқтатты. Шешім ковид ауруының өсуіне байланысты қабылданды және ол 12 ақпанға дейін жалғасады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі «Батыс жағалау мен Газа секторында бұрын-соңды болмаған аурушаңдық тіркеліп, жағдайдың ушығуы тағы бірнеше күн жалғасады» деп атап өтті.
Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Түркияда — 102 601, Оңтүстік Кореяда — 20 270, Словакияда-20 224.