АҚШ-та А (H1N1) тұмауымен ауырғандардың саны 300-ге жақындады

ВАШИНГТОН. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың Ауруларды бақылау және оларды ескерту жөніндегі орталығының атқарушы директоры Ричард Бессер дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде,

бірқатар оң көріністерге қарамастан, А (H1N1) вирусы АҚШ-та толық бақылауға алынды деуге әлі ертерек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің ақпаратына сүйенсек, мамырдың 4-індегі таңертеңгі жағдай бойынша елде қатерлі тұмаудың расталған 300-дей оқиғасы тіркеліп отыр. Инфекция 36 штатта анықталған, оның ішінде Нью-Йоркте ? 90 адам, Техаста ? 43, Калифорнияда ? 29, Аризонада ? 18, Оңтүстік Каролинада - 15, Делаверде ? 20 адам вирусты жұқтырғаны анықталған. Бір адамның қайтыс болғаны туралы да мәлімет бар. Ауруларды бақылау және оларды ескерту жөніндегі орталық салыстыру үшін, қыста кәдімгі тұмаудың салдарынан орын алатын адам өлімінің орташа мәліметін де келтіріп отыр. Ол тұмаудан Америкада жыл сайын 36 мыңдай адам көз жұмады екен.