АҚШ-та A/H1N1 тұмауына қарсы жаңа вакцинаның сынағы басталады

АСТАНА.  Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат -  АҚШ-тың  университеттік  медициналық    орталықтары мен  емханаларында   бүгіннен бастап A/H1N1   тұмауына  қарсы жаңа вакцинаның сынағы    басталады,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат   РИА  «Новости»  агенттігіне  сілтеме  жасап.

Клиникалық  сынақ  үшін    мыңдаған  еріктілер  қажет,    алғашқы   сынақтар   негізінен    ересек  салауатты адамдарға   жасалады,  бірақ  та еріктілердің арасында   балалар  мен  қарттар да  бар.

Ниет білдіргендерге    арасына 21 күн  салып  екі  рет   вакцина егіледі. Ал қыркүйек  айында   қан     талдаулары  негізінде жаңа вакцинаның  әсері   туралы алғашқы қорытындылар жасалады.

Өткен тәулікте  әлем  елдерінде  «доңыз тұмауынан»  100-ден  астам  адам көз жұмды, ал      вирусты  жұқтырудың зертханалық жолмен расталған       оқиғалары әлем бойынша    207 мың  адамға  жақындады.  Олардың 1 мың 600  оқиғасы   кісі  өлімімен аяқталған фактілер.