деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.
Мұндай көрсеткішті АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығының маманы Лин Финнели айтты, ол американдық мамандар жасап шығарған математикалық модель негізіндегі есептегіштің мәліметіне сүйенген.
Ресми тіркелгендер мен теория жүзінде ауырғандар санының арасындағы айырмашылық - тұмау жұқтырғандардың бәрінің түгелдей дәрігерге көріне бермеуінен, деп түсіндіреді зерттеуші.
Қазіргі уақытта 28 мың американдық ресми түрде тұмауға шалдыққан деп есептеледі. Олардың ішіндегі 3 мың 65 адам ауруханаға жатқызылса, 127 адам сырқат салдарынан қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) А (H1N1) тұмауы қоздырғышының өзгеріске ұшырамағанын айтады. ДДСҰ -ның ағымдағы уақыттағы жүргізіп отырған талдауы бойынша жаңа тұмаудың қоздырғышы әзірше тұрақты, бірақ кез келген тұмау қоздырғышы секілді оның да өзгеріске ұшырау деңгейі өте жоғары.