АҚШ-та абайсызда ұшақтың жүк бөлігінде кетіп қалған жүк тиеушінің кесірінен лайнер қайта әуежайға қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиэттл әуежайынан ұшқан Alaska Airlines компаниясының ұшағы лайнердің жүк бөлігінде жүк тиеуші қалып қойғандықтан, қайта қонуына тура келді, деп жазады Би-би-си.

Жүк бөлімшесінен тарсылдаған дыбыс пен қатты айғайды естіген пилоттар диспетчерлерден шұғыл қонуды өтінген.

АS448 рейсімен Лос-Анджелеске бет бұрған лайнер ауада 14 минут ғана болып, Сиэттлге қайта қонды.

Қонғаннан кейін жүк тиеуші жүк бөлімінен аман-есен шығарылды. Ол ұшқанға дейін лайнерден неліктен шықпай қалғаны әзірге белгісіз.