АҚШ-та аквапаркте хлордың тарап кетуінен 20 адам ауруханаға түсті

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-та Сакраменто қаласындағы жекеменшік аквапаркте жоғарғы концентратты хлор ерітіндісінің тарап кетуі салдарынан 20 адам ауруханаға жеткізілді.

ТЖ жасанды толқынды бассейнде орын алды. Associated Press-тің хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы (арасында тоғыз бала бар) ауруханаға жеткізілді. Сору жабдығының техникалық ақауы салдарынан хлор белгілі мөлшерден артық бөлініп, оның соңы адамдардың улануына әкеліп соқты.

Зардап шеккендердің арасында аквапарктің үш қызметкері де бар. Оқиғаның нақты жай-жапсары әлі анықталу үстінде.