АҚШ-та алапат құйынның салдарынан 100-ден аса адам зардап шекті

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкадағы Алабама штатында орын алған күшті құйынның салдарынан 2 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақаттанды.

Бұл туралы Утро. ру газеті хабарлайды. 23 қаңтардың түнінде штаттың аумағында болған құйын 200-дей үйді қиратты. Олардың көбісі 2011 жылы болған құйыннан кейін жөндеуден өткен үйлер еді.