Ұшақ Чикагодан Сиэтлге ұшқан. Телеарна атап өткендей, 12 жолаушы салондағы біртүрлі иіске шағымданып, демалулары қиындай түскендерін айтқан.
NBC ақпараты бойынша, иістің неден шыққаны анықталмаған.
«Ұшақ қолданыстан шығарылып, тексеруден өтіп жатыр», - деп атап өтті әуежай өкілі Патрик Хоган.
Лайнер бортында 144 адам болған.