АҚШ-та алаяқ 20 млн доллардан өзіне кереует жасаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық полицейлер Бостондағы үйлердің бірін тінту барысында ақша жымқырған күдіктінің ұйықтайтын матрасының астынан банкноттарды тапқан.

Құқық қорғау органдары 20 миллион доллар қолма-қол ақшанв санап алды. Алаяқ оларды мұқият тізіп жинап қойған.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, бұл қылмыстық топқа жүздеген адамның қатысы бар болып шықты. Соның ішінде алаяқтық жасау көлемінен рекорд орнатқан TelexFree Inc компаниясы да бар. Олар бір миллионға жуық адамды алдап, үш миллиард долларды жымқырған.