Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Адвокаттың ақпараты бойынша Алексей Ли өз кінәсін толық мойындаған. Оның тарапынан АҚШ аумағынан ешқайда шығып кетпеу туралы келісім алынған соң, ол босатылды», - деді А. Әбибуллаев. Ресми өкілдің айтуынша, аталған мәселеге қатысты ағымдағы жылдың мамыр айында сот отырысы өтетін болады және соңғы шешімнің сол отырыста қабылданатыны күтілуде.
«Тоқтала кететін тағы бір жайт, адвокат бірқатар БАҚ-та жарияланған «Алексей Ли 250 мың доллар мөлшерінде айыппұл төледі және он жылға сотталды-мыс» деген ақпаратты жоққа шығарды», - дейді А.Әбибуллаев.