АҚШ-та әлемдегі алғашқы биоробот таныстырылды
11:31, 21 Қазан 2013
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Вашингтонда Смитсоновский институтының мұражайында жасанды адамның 28 дене бөлігінен жасалған бірінші биоробот таныстырылды.
Фрэнк есімді роботтың өкпе, бауыры, тіпті жүрегі бар. Құны 1 млн. долларлық робот жүріп, сөйлей алады. Тіпті сенсорлар мен процесорлардың көмегімен көре де алады. Алайда Фрэнкті құрастырғандар нағыз адамды жасап шығаруға әлі ертерек дейді. Себебі ол үшін адамның миын жасап шығару керек, ал бұл әзірге қолдан келер шаруа емес.