АҚШ-та әлемдегі ең ірі екі қоян табылды
21:13, 28 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та әлемдегі ең ірі екі қоян табылды. Жануарлар жеке фермалардың бірінде тұрады. Олардың ұзындығы 1,3 метрге дейін жетеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жергілікті алыптарды мұнда иттермен салыстырады. Өйткені оларды асырауға да біраз азық жұмсалады.
Қожайындары күн сайын жануардың әрбіріне 2 орамжапырақ, 12 сәбіз және 6 алма береді.
Атап өтейік, бұл жануарлар Гиннесстің рекордтар кітабына да енуі мүмкін. Алайда олардың иелері бұл туралы ойлап отырған жоқ.