346,5 мың доллар төлеп, әлемнің 30 елінің 50 портына баруы көзделген 115 күндік сапарға шығуға болады.
Саяхат Лос-Анджелес қаласынан бастау алады, соңғы нүктесі - Форт-Лаудердейл болмақ, деп жазады Travel.
Саяхатшылар кемесінің жасақталуы таңдай қақтырады. Су көлігінің едені мәрмәр тастармен көмкерілген, ішіне жұмсақ былғары дивандар қойылған. Әр каютада екі жатын бөлме, екі жуынатын бөлме, түрлі сусындарға толы бар қарастырылған.
Саяхаттың құнына сондай-ақ кеме бортында үш концертті тамашалау, салтанатты гала-кешкі ас, Намибия шөліндегі кешкі ас, порттардағы сәнді қонақ үйлерге орналасу, сан алуан сыйлықтар, трансферлер, Wi-Fi арқылы интернет желісіне қосылу және т.с.с. кіреді.
Жер шарын айналуға бағыт алғандар - Таити, Австралия, Гонконг, Бали, Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Мальдив, Занзибар, Мадагаскар елдерін, Оңтүстік Африка Республикасын және Кариб теңізінің көптеген аралдарын тамашалайды. Теңіз саяхатшылары 2015 жылдың 1 мамырында сапарға аттанады.