АҚШ-та әлемдегі ең үлкен McDonald's мейрамханасы жабылды
23:19, 02 Қаңтар 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та әлемдегі ең үлкен McDonald's мейрамханасы жабылды. Оның орнына бұдан да үлкен тез дайындалатын тағамдар әзірлейтін мейрамхана ашылмақшы, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Жалпы көлемі 1115 шаршы метрді құрайтын McDonald's мейрамханасы Флорида штатындағы Орландаода орналасқан еді. Енді оның орнына 1765 шаршы метр болатын басқа мейрамхана салынбақ. Басылымдардың жазуынша, ескі мейрамхананың ғимараты фри картобының қорабына ұқсас болып келетін. Ал жаңа мейрамхана қандай болатыны әлі белгісіз.