АҚШ-та әлемдегі ірі ислам кешені ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған АҚШ-қа алдағы сапары барысында Мэрилендте әлемдегі ең ірі исламдық-османдық қоғамдық кешеннің ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды islam.ru.

Эрдоган АҚШ-қа дипломатиялық миссиясымен 15 қарашаға дейін келеді деп күтілуде.

«Күллие» - османдық сәулет өнері ұғымы, ол мешіт маңындағы басқа да ғимараттар жиынтығын білдіреді. Әдетте оған кітапхана, аурухана, көпшілік пайдаланатын субұрқақ т.с.с. жатады. Күллие салынатын жер Америкадан 1993 жылы белгіленіп қойылған еді, алайда құрылыс жұмыстары тек 2011 жылы басталды. Нысан Мэриленд ислам орталығы деп аталатын болады. Ғимарат маңында сондай-ақ мектеп, жастар орталығы, «османдық» дәмхана болады деп жоспарлануда.