АҚШ-та әлемдегі үлкен сом алтын сатылымға шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниядан табылған салмағы 2,7 келі сом алтын аукционда сатылатын болады, деп хабарлады Росбалт.

Лотты «Бьют наггет» деп атайды. Алтынға ие болғысы келетіндерге 350 мыңнан 450 мың долларға дейін төлеулері керек. Сауда Сан-Францискодағы бағалы заттардың күзгі шоу-бағдарламасы аясында өтеді.