Тәртіпті жаяу жүргіншінің суретін жергілікті полиция бөлімі Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Суреттің астында аллигатордың ұзындығы бір жарым метрден асатыны жазылды. Бастапқыда жыртқыш жолға жатып, кейін белгіленген жерден өткен. Полицейлер жануар аман-есен жолды кесіп өтуі үшін автомобиль қозғалысын шектеді.
Жануарды аулау үшін маманды шақырды.