АҚШ-та Apple өнімдерін сатуға тыйым салынды

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Халықаралық сауда жөніндегі комиссиясы «Apple» компаниясының «iPhone» және «iPad» құрылғыларының кейбір нұсқаларын сатуға тыйым салды.

«Associated Press» агенттігі хабарлағандай, мұндай шешім «Samsung» компаниясынан түскен арыздан кейін қабылданды. Ол «Apple»-ді патент ережелерін бұзды деп айыптады. Енді, АҚШ-та «iPhone 4», «iPhone 3 3GS», сондай-ақ «iPad 3G» және «iPad 2 3G» құрылғыларына тыйым салынбақ.

France-Presse агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, ондай құрылғылар АҚШ-та қазірдің өзінде сатылмайды.