Мәліметке сәйкес, қаза болғандардың ең көбі Нью-Джерси штатында тіркелген. Мұнда 22 адам аптап ыстықтың құрбаны болды.
Нью-Джерси штатының Денсаулық сақтау департаментінің өкілі Далия Эваистің айтуынша, көз жұмғандардың басым бөлігі – жасы 30 бен 80 аралығындағы азаматтар. Өлім жағдайлары штаттың 10 округінде, негізінен орталық және солтүстік бөлігінде тіркелген.
Сондай-ақ Иллинойс штатында бір адам, Миссисипи штатында екі адам қайтыс болған. Қаза тапқандардың көбі кондиционері жоқ үйлерден табылса, кейбірі көшеде немесе тұрақта тұрған көліктердің ішінде көз жұмған.
Аптап ыстық 4 шілдеде Вашингтонда өткен АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараларға да әсер етті. Ұлттық аллеядағы мерекелік шара кезінде бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілді. Жылу соққысын алғандардың нақты саны әзірге нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Франция, Бельгия және Нидерландыда аптап ыстықтан 3,7 мың адам қайтыс болғанын жаздық.