Әуежай өкілінің сөзіне қарағанда, лайнер жергілікті уақытпен сағат 18.30-да ұшқан және бірден қанаттылармен соқтығысып қалған. Салдарынан ұшақ двигателінде ақаулар туындаған. Ұшқыштар лайнерді бұрып, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Әуежай өкілдерінің сөзіне қарағанда, лайнер двигателінен бес құс табылған. Оқиға салдарынан адамдар жапа шекпеді, деп хабарлады БЕЛТА.
21:39, 08 Қаңтар 2015
АҚШ-та аспанда құстармен соқтығысқан ұшақтың двигателі істен шыққан
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та аспанда жүк тасымалдау ұшағына бір топ құс соғылғаннан кейін ол Портлендтің халықаралық әуежайына шұғыл қонды.