АҚШ-та ауа райына байланысты үш мың әуе рейсі тоқтатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты үш мың әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлады бейсенбі күні «РИА Новости » агенттігі FlightAware авиациялық порталына сілтеме жасап.

Алдағы сағаттарда елдің солтүстік-шығысында қарлы дауыл тұратыны күтілуде. Синоптиктердің мәліметі бойынша, кейбір аудандарда 30-35 сантиметрге дейін қар түсуі мүмкін.

Порталдың дерегіне сүйенсек, АҚШ-та бейсенбі күні 2881 ұшаққа көкке көтерілуге тыйым салынған. Кейінге шегерілген рейстер саны қазіргі таңда 200-ді құрайды.

Ең көп тоқтатылған рейстер саны «Ла Гуардиа», Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы, «Ньюарк» және Бостондағы «Логан» әуежайларында тіркелген.

АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметінің мәлімдемесі бойынша, Бостонда қардың түсуі алдағы демалыс күндері де жалғасады. Ауа райының нашарлауы салдарынан Нью-Йорктегі, Бостондағы және Филадельфия округіндегі барлық мектептер жабылды.

 

Фото: © AP Photo/ Craig Ruttle