Ғимарат иесі онда тұрақты тұрмаған және ұрланған сәтте де үйінде болмаған. Үйдің ұрланғанын білген бойда полицияға хабар берген. Жергілікті құқық қорғау органдары ағаштан салынған құрылысты іздеуге шұғыл кірісіп, екі күннен кейін шамамен бұрынғы тұрғылықты жерінен 20 шақырымдай жерден тапты.
Полицейлер бұл оқиғаға таңғалған, әуелде олар ұрлықты қалай тексеруді де білмеген. Құқық қорғау органдары сондай-ақ техникалық жағынан үйді қалай көтеріп кеткені де жұмбақ екенін айтады. Олардың пікірінше, алдымен домкратпен көтеріп, жайма платформаға тиеп алып кетуі мүмкін.
Полицейлер тексерудің басқа егжей-тегжейін айтқан жоқ, бірақ та ұрлыққа бірнеше күдікті адамдар бар екенін білдірді.