АҚШ-та әуе шоуы кезінде ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні АҚШ-тың Джорджия штатының Атланта қаласы маңында әуе шоуы кезінде шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты. Көрермендер жапа шеккен жоқ.

Бұл туралы CNN телекомпаниясы хабарлады.

«Ұшақ екіге бөлінді, алдыңғы бөлігі отқа оранды», - дейді куә болғандар.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шұғыл жетті, алайда ұшқышты ажалдан арашалап қала алмады.