АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақтың қозғалқышынан өрт шықты
19:55, 20 Шілде 2025
АТЫРАУ. KAZINFORM – АҚШ-та Boeing 767-400 жолаушылар ұшағының қозғалтқышы ұшу кезінде өртенді, деп хабарлайды Kazinform MSN-ге сілтеме жасап.
Бортында 9 экипаж мүшесі мен 226 жолаушы бар Delta ұшағы Лос-Анджелестен Атлантаға бағыт алған кезде, әуеге көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірі жанып кеткен. Ұшқыштар бұрылуға мәжбүр болды.
Әуе кемесі жерге қонып, жолаушылар аман-есен ұшақтан шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиғаның себептері әзірге белгісіз.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін әуе компаниялары Boeing ұшақтарындағы отын тетіктерін тексере бастағанын жазған едік.