Оқиға "Льюис Маккорд" әскери базасына жақын жерде орын алған.
"Машинада Ауғанстан аумағында әскери қызметті өткергеннен кейін үйлеріне қайтып бара жатқан әскери қызметшілер болған", - деді телеарнаға берген сұхбатында база өкілі подполковник Джо Соуэрс.
Бес адам ауруханаға жеткізілді, бірінің жағдайы өте ауыр. Қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілді.