Ұлттық метеорологиялық қызмет 18 штатта болатын ауытқыма ыстық туралы ескерту жасаған болатын.
Аптап ыстықтан зардап шегіп отырған елді мекендердің көбінде ауа температурасы 38 градус ыстыққа дейін жеткен. Болжам бойынша, ыстық ауа толқыны елдің батысына қарай бет алады.
Ресми тұлғалардың айтуынша, шілде айында АҚШ-та ауа температурасының мыңнан аса рекордтық көрсеткіші тіркелген. Ауа райын болжаушылар елдегі жоғарғы ауытқыма ыстық ауа райы осы айдың соңына дейін сақталатындығын айтуда.
Жыл сайын орташа есеппен алғанда АҚШ-та ыстықтан 162 адам көз жұмады.