АҚШ-та автокөлік бір топ адамды қағып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Сент-Луиста (Миссури штаты) қаласында автокөлік жүргізушісі еске алу акциясына жиналған бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлады Fox News телеарнасы.

Төтенше оқиғадан бірнеше адам зардап шекті. Алайда олар медициналық қызмет көрсетуден бас тартқан.

Жол көлік оқиғасы  сейсенбі күні қарулы қарсылық көрсеткені үшін полиция қызметкерлері қолынан қаза тапқан жергілікті тұрғын Киви Херринді еске алу акциясы өтіп жатқан жерге жақын болған. Ол пышақты таста деген бұйрықты орындамай, көршісін және құқық қорғау органының қызметкерін жарақаттаған еді.

Оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.