АҚШ-та автокөлік пілпен соқтығысып қалды

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Оклахома штатында автокөлік жергілікті цирктен қашып кеткен пілмен соқтығысып қалды.

 Associated Press агенттігінің    хабарлауынша,     қараңғы мезгілде   тас жолмен  жүріп келе жатқан     пілмен  көлік  жүргізуші   соңғы сәтте   бетпе-бет  соқтығысудан  қашып үлгерген.   Жүргізуші мен     онымен бірге  көлікте  болған  оның   зайыбы   зардап шекпеген.

Пілдің    аяғы жарақаттанған  және   мүйіздерінің бірі сынған.     29   жастағы    жануардың салмағы 2 тоннадан  астам  болған.