Телеарна таратқан мәліметтерге қарағанда, оқиға Биллерика қаласында болған. Жол талғамайтын көлік аукцион өтіп жатқан ғимаратта жүрген адамдарды қағып өтіп, қабырғаға соғылды. Полиция қызметкерлері оқиғаны абайсызда болған деп бағалап отыр.
«Әзірге оның алдын ала ұйымдастырылғандығы немесе теракт екендігі жөнінде ешқандай ақпарат жоқ»,-деп келтіреді жергілікті полиция қызметкерлерінің сөзін телеарна.