АҚШ-та аяздан жиырма адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада АҚШ-та елдің шығысында жүріп өткен үскірік аяздан жиырмадан астам адам қаза тапты, деп жазады ВВС.

Оның 18-і Тенненсси штаты тұрғыны. Онда екі жарым мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалған. Ауа райы болжамы бойынша, аяз әлі де сынған жоқ. Кей штаттарда термометр көрсеткіші -40 градусқа дейін төмендеді.