АҚШ-та әйел күйеуінің өлі денесімен саяхат жасаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та әйел күйеуінің өлі денесімен саяхат жасаған, деп жазады Associated Press.

Америкалық әйел жол бойы күйеуінің денесін мұзбен суытып отырған.

Басылым хабарлағандай, полиция алюминийден жасалған контейнер ішінен адамның мүрдесін тауып алған. Белгілі болғандай, әйел саяхат кезінде күйеуінің денесін мұздатып отыру үшін консерві банкаларына мұз жинап отырған.

Полиция әйел күйеуінің денесін мәйітханаға апармақ болғанын, алайда белгісіз себептермен оны бірнеше күн тасығанын айтты. Әйелге қатысты ешқандай жаза тағайындалмады, себебі ер адамның қайтыс болған себебі белгілі болды.