АҚШ-та Айға билеттер сатыла бастады

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - NASA-ның бұрынғы ғалымдары мен әкімшілері Айға жеке ұшуларды ұйымдастырумен айналысатын Golden Spike компаниясының құрылғанын хабарлады.

Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасап РБК хабарлады.

Компанияны NASA бөлімшелерінің бірінің бұрынғы басшысы Алан Стерн басқарды. Ол Айға ұшып барып-қайту билеті 1,5 млрд. доллар тұратынын айтты. Айта кеткен жөн, компания қазірдің өзінде «бірнеше қызықты өтініштер» алды. Мақсатты аудитория - Азия, Африка, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Жапония елдерінің дәулетті бизнесмендері.

«Golden Spike Айға бірінші туристті 2020 жылы аттандыруды жоспарлап отыр, ал 2030 жылға қарай 10-15 ұшуды іске асырмақ ниетте», - деп жоспарларымен бөлісті А.Стерн.

Адамның қатысуымен Айға соңғы сапар 1972 жылы 11 желтоқсанда «Аполлон» бағдарламасының аясында өтті.