Дереккөздері бойынша, тамақтану өнімдеріндегі тұзды азайту кезеңдік бағдарлама бойынша 10 жылға еспетелген. Бұл бағдарламалар аясында билік елдегі жалпы құны 600 миллиард долларды құрайтын ұн өнімдері, тұздықтар және басқа да көптеген азық-түлік өнімдерінде тұз мөлшерін заңды түрде шектеуді орнатады.
Қазіргі таңда Америка үкіметі тамақ өндірушілерді өз еркімен өнімдерінде тұзды азайтуға шақырады. Алайда, «Медицина институты» үкіметтік емес ұйымының соңы зерттеулері бойынша, бұл шаралар өз нәтижесін бермеген.