АҚШ-та балкондар қирап, 30 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ерекше жағдай орын алды, студенттік сауық кеш кезінде коттедждердің бірінде балкондар қирап, шамамен 30 адам зардап шекті.

Аймақтық WFSB телекомпаниясының хабарлауынша, төтенше жағдай Коннектикут штатындағы  Хартфорд қаласында болған. Студенттік сауық кеш өтіп жатқан Trinity колледжінің кампусы маңындағы ғимараттың үшінші қабатындағы балкон құлап, астыңғы екі балконды қиратты.

WFSB мәліметтері бойынша, үшінші қабат балконында 5 адам болған, зардап шеккендердің басым бөлігі төменгі балкондарда болған.

Жергілікті полиция түрлі деңгейде жарақат алғандардың қаланың бес түрлі ауруханасына жатқызылғанын хабарлады. Ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.