Мұражайда барлығы 6 зал бар. Олардың әрқайсысының жабдықталу үлгісі де ерекше. Мәселен, бір бөлмесінде келген қонақтарға балмұздақ дәмі сезілетін ауа толтырылған шар ұсынса, енді бірі шокалад залы деп аталады. Ал басты экспонаты - тәтті кәмпиттер бассейні. Келушілер мұнда жасанды тәттілердің ішінде жүзе алады. Оған қоса, әрбір мұражай қонағына эксклюзивті балмұздақ ұсынылады.
«Бұл менің бала күннен бергі арманым еді. Ақыры қол жеткіздім. Экспонаттардың көбін жеуге болмайды. Бірақ оларды шынайы заттардан айыру қиын. Тәттілер балаларға да ересектерге де қуаныш сыйлайды. Адамдар мұражайға кірісімен тәттілер әлеміне енгендей болады», дейді музей жетекшісі Мэрилис Банн.