АҚШ-та бар маңында атыс болып, үш адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты Саутпорт қаласында белгісіз ер адам бар маңында оқ атып, салдарынан үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланды, деп хабарлайды Синьхуа.
Қаланың ресми өкілінің айтуынша, қарулы адам сенбі күні кешке Саутпорттағы яхта айлағында жиналған көпшілікке оқ жаудырған. Күдікті ұсталып, қазір тергеліп жатыр.
Жексенбі күні өткен баспасөз конференциясында Саутпорт полициясының бастығы Тодд Коринг қазір қоғамға төнген белсенді қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, атысқа не себеп болғанын айтуға әлі ерте.
Бұған дейін Саутпорт билігі әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды оқиға орнына жақындамауға және үйлерінде болуға шақырған еді.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамптың жақтасы, саяси белсенді Чарли Киркке оқ атылған болатын.