Бұл жөнінде «Голливуд репортер» порталы мәлім еткен. Фильм сюжеті нақты оқиғаларға негізделген. Барак өзінің болашақ әйелін кездесу кезінде музейге, сосын киноға апарғаны белгілі. Бұл ақпаратты президенттің отбасы қалай қабылдағаны әзірге белгісіз. Американдық көшбасшының рөлін кім сомдайтыны да әзірге нақтыланбаған.