АҚШ-та басы қыстырылып қалған қонжық құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Колорадо штатының Колорадо-Спрингс қаласының полиция қызметкерлері ыдысқа басы қыстырылып қалған қонжықты құтқарды.

Полиция қызметкерлері жыртқышты құрсаудан өздері шығармаққа әрекеттенді. Алайда әрекеттері сәтсіз аяқталып, құтқарушылардың қызметіне жүгінген. Олар қонжықты көлікке салып, өрт сөндіру бөліміне апарды.

Арнайы жабдықтарды пайдаланылып, қонжықтың басы ыдыстан босатылды, кейін жануар еркіндікке жіберілді.