«Осы жылғы көрме ерекшелігімен тарихта қалатын болады. Себебі, оған АҚШ-тың 50 штатынан келген иттер қатысады. Оған қоса, 120 елдің көрікті жануарлары да қатысуға ниет білдірді. Атап айтқанда, Финляндия, Словения, Жапония, Таиланд және тағы басқа елдер бар», - дейді байқаудың ұйымдастырушылары.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге иттің 190 түрі қатыстырылмақ. Сондай-ақ олар байқауда жеті аталым бойынша бақ сынайтын болады.
Жалпы, аталмыш көрме-байқауы Нью-Йоркте 1877 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жылына бір рет өткізілетін бұл байқау Kentucky Derby ат жарысынан кейінгі елдегі екінші көне спорт шарасы болып саналады.